00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Велосипед ұрлаған елорда тұрғыны қолға түсті

25.02.2023 | 06:05
Елорда ақпарат
89

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында екі велосипед тәркіленді. 

Күдікті өз кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ оның ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Көктем-жаз маусымдарының басталуымен көптеген қала тұрғыны велокөліктерді пайдалануға көшеді. Мұны пайдаланған қаскүнемдер қоғамдық орындарда қалдырылған велосипедтерді ұрлап әкетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, оларды  ұрылардың жеміне айналдырмауға міндетті түрде ұрлыққа қарсы сенімді велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады. Велокөліктерді бейнебақылау камералары бар тұрақтарға қалдырыңыз. 

Все новости