Мұғалімдерге жалған сертификат сатқан әйел қолға түсті
![](/img/articles/uploads/626b7e28a925a714278165_a276b611be.jpg)
Сәуірдің басынан бері Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің алаяқтық әрекетінен жапа шеккен адамдардан арыз-шағым түсе бастаған. Жәбірленушілердің дені – әртүрлі өңірде тұратын мұғалімдер.
Мәселен, 20 сәуірде полицияға 46 және 37 жастағы қарағандылық әйелдер шағымданды. Анықталғандай, олар педагогикалық қызметпен айналысады.
Жәбірленушілер интернет-қосымшалардың бірінен біліктілікті арттыру орталығының хабарландыруын көрген. Онлайн оқытудан кейін сертификат береді екен. Шарттары да қолайлы болған. Сөйтіп олар әлгі орталыққа 30-35 мың теңге аударған. Артынша ешқандай құжат алмаған әйелдер алданып қалғанын түсініп, полицияға арызданды, – дейді полицейлер.
Араға бір апта салып полицияға екі елордалық әйелден шағым түсті. Олар сертификат алу үшін орталыққа 30-50 мың теңге төлеген. Бірақ біліктілікті арттыру курсынан сол күйі өтпеген.
Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті әйел кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның осыған ұқсас 23 фактіге қатысы бары анықталды.
Қазір келтірілген шығын сомасы есептеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)