00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қаңтар оқиғасы кезінде үш өңірдегі нысандар көп тоналған

25.02.2023 | 05:23
Елорда ақпарат
46

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі арам пиғылды адамдардың көшедегі тәртіпсіздікті пайдаланып, ашық түрде қасақана ұрлық пен тонау жасағанын көрсетіп отыр. Азаматтар мен бизнес субъектілерінің арызы бойынша ұрлық пен тонаудың ең көбі Алматы қаласында – 2 мыңнан астам, Алматы облысында – 204 және Жамбыл облысында 23 факті тіркелді, - деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, дүкендер, компаниялардың кеңселері, мейрамханалар және ашулы топтың жолында орналасқан басқа да нысандар шабуылға ұшырады.

Сонымен қатар банктер мен ірі сауда орталықтарын тонау фактілері тіркелді, жалпы 1 502 бизнес нысаны тоналды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар. Сонымен қатар Е. Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында 16 адам қаза болғанын нақтылады.

Все новости