00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ: 1 430 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді

25.02.2023 | 04:23
Елорда ақпарат
92

Бүгінгі таңда қабылданған шаралар нәтижесінде еліміздің полицейлері 1 430 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркіледі.  

Оның ішінде 323 тапанша, 148 автомат, 195 травматикалық тапанша, 30 гранатомет, 69 арнайы қару, 8 мылтық, 6 оқшашар және т.б. алып қойылды. Мәселен, 29 наурызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, ол 6 қаңтарға қараған түні әкімшілік ғимараттың қоймасынан оқ қорапшасы бар 4 Макаров тапаншасын, 7,62 мм калибрлі 120 патронды және 12 калибрлі 11 аңшылық патронды ұрлап кеткен. Ұрланған қару күдікті тұратын жер үйдің ауласында жасырын жерден алынды. Жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді мүшесі болған Тараз қаласының тағы бір тұрғыны тергеу іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД-нен өзі ұрлаған қаруды сақтаған екі жасырын орынды көрсетті. 

Тараз қаласының шетіндегі тінту іс-шаралары барысында далада көмулі екі қорап оқсауыты толық «Калашников» автоматы табылды. Байзақов ауданындағы екінші жасырын жерден төрт оқсауыты бар «Макаров» тапаншасы, екі травматикалық тапанша, 7,62 мм калибрлі 120 оқ табылып, тәркіленді. Ауыр қылмыс жасаған күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, - деді полковник. 

19 наурызда Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматыда «Камерад» дүкеніне шабуыл жасап, қару ұрлаған екі қала тұрғынын анықтады. Олар өздері жалға алынған үйдің ауласында ұрлаған оғы бар 12 калибрлі төрт «Сайга» аңшылық мылтығын және 12 калибрлі «Сибергун» бір аңшылық мылтығын, сондай-ақ екі бронежилетті жасырып сақтаған. Күдіктілердің екеуі де соттың санкциясымен қамауға алынды.

Все новости