00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бейтаныс жігіт алғаш рет кездескен бойжеткенді тонап кеткен

25.02.2023 | 03:28
Елорда ақпарат
58

Кездесу кезінде жігіт өзін агрессивті түрде ұстап, қыздың «Iphone 11 Pro» маркалы ұялы телефонын, 3 алтын сақинасы мен сырғасын күштеп тартып алған, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.

Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді.

Қоғамдық орындарда бейтаныс адамдарға қымбат заттар мен қомақты ақша сомасын көрсетпеуге тырысыңыз. Егер сізге қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет, – дейді полицейлер.

Все новости