00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Атырауда белгісіз біреу тапаншамен бірнеше адамды қырып салды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 02:46
Елорда ақпарат
123

Сағат 22.00 шамасында «Авангард» аялдамасында қаскөй екі адамды атып өлтіріп, үшіншісін ауыр жарақаттаған.

Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары сол жерде көз жұмды, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Кейінірек қылмыс орнына жақын жерден тағы бір адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен. Полиция оны іздеп жатыр.

Оқиға орнында Атырау облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Все новости