00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жүргізуші әйел жанармай құю бекетінің жұмысшысын ұрып-соқты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 02:42
Елорда ақпарат
90

Tengrinews.kz-тің жазуынша, оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан көлігіне бензин құйып жатқан әйелді және оның жанында жанармай құю бекетінің жұмысшысы тұрғанын көруге болады. Жүргізуші көлігіне жанармай құйып болып, ал жұмыскер көліктің багын жабуға кіріседі. Осы сәтте әйел оны жерге құлатып, бірнеше соққы жасайды. 

Видеода оқиға 10 наурызда Жетісу көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысына жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінде болғаны айтылған.

18 жастағы жанармай құю станциясының қызметкеріне клиент шабуыл жасады. Ол бензин құятын шүмекті алып үлгермеген, содан кейін әйел оны балағаттай бастаған. Оны тыныштандыруға тырысқанда, төбелес шығарған. Клиент жауап алу кезінде қызметкерге қоқан-лоқұы көрсетіп, қорқытуға тырысып жатыр. Бұл ретте Жетісу ауданының учаскелік полиция қызметкері бұл қоқан-лоққыларға назар аудармай, жүргізушінің жағына шығып отыр. Қоңырау шалып, арызды қайтарып алуымызды талап етті, - делінген жазба сипаттамасында.

Полиция департаменті бұл факт бойынша сараптама тағайындалғанын хабарлады. Қызметкердің алған жарақаттары ауыр немесе орташа ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады. Денсаулыққа жеңіл зиян келген жағдайда тәртіп сақшылары әкімшілік іс қозғайды.

Сот-медициналық сараптама ауырлық дәрежесін анықтауы керек, содан кейін сараланады, - дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Все новости