00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада бірнеше пәтерді тонады деген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 00:41
Елорда ақпарат
54

Күдікті күндізгі уақытта Күйші Дина көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 2-ші қабатынан кіріп, екі күзен тонын ұрлап алып шыққан. Содан араға төрт күн салып ол таңғы уақытта Маяковский көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге пластикалық терезесі арқылы кіріп, мүліктеріне қол салған. Ұрланған заттардың ішінде зергерлік бұйымдар, ноутбуктер, ұялы телефондар, күзен тондары, ақша қаражаты болған, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта ер адам ұрлық жасағанын мойындады, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.   

Күдіктіге қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.    

Полицейлер елорда тұрғындары мен қонақтарынан қырағылық танытуды сұрайды. 

Все новости