00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Талғарда полиция ғимараты отқа оранды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 00:13
Елорда ақпарат
56

Полиция ғимаратындағы өртті сөндіру сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Автор екінші қабаттағы терезеден шыққан жалынды түсіріп алған. Өрт сөндірушінің ғимаратқа кіруге тырысқан кезі де видеода көрсетіледі.

Алматы облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомствода қызметтік кабинеттердің бірінен 12 ақпан сағат 14.55 шамасында өрт шыққанын айтты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт жергілікті өртке қарсы қызмет күшімен 25 минут ішінде ауыздықталды. Жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Қызметтік құжаттар бүлінбеді. Өрттің салдары жойылады, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған деп болжап отыр.

Все новости