Астаналық ер адам 130 млн теңгеге биткоин ұрлаған
![](/img/articles/uploads/620351f4af692790416369_c955cbd575.jpg)
Алаяқтық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде елорданың 37 жастағы тұрғыны ұсталған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адам алаяқтық жолмен биткоин әмиянына кірген және үш ай бойы биткоин жымқырып келген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамаулы және қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицияның хабарлауынша, соңғы үш жылда криптовалютамен және онлайн-биржадағы табыспен байланысты алаяқтық 10 есеге артты. Бұл ретте залал сомасы жүздеген миллион теңгемен есептелуде. Интернет желісінде жалған брокерлер онлайн-биржаларда ақша айналдыру бойынша өз қызметтерін ұсынатын көптеген интернет-ресурстар бар.
Ондағы алдау схемасы қарапайым. Жаппай таратылым арқылы алаяқтар түрлі веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде көп табыс әкелетін жарнамалық ұсыныстар жариялайды. Шартты түрде, 100 доллардан 1000 долларға дейін алуды ұсынады. Содан кейін қаскөйлер брокердің ойдан шығарылған сайтын және пайдаланушыға қолжетімді болатын жеке кабинетін құрады. Бұл жеке кабинетте алаяқтар пайдаланушымен бірдей шоттың қаншаға толтырылғанын көре алады, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Әрі қарай пайдаланушы форекс-биржада ойнауға кіріседі және ұта бастайды. Алайда, іс жүзінде бұл «ойынды» алаяқтар қашықтан бағдарламалап отырады. Ойын қызығына түскен пайдаланушы мол табысқа кенелдім деп одан да көбірек ақша салуға тырысады. Ал алаяқтар барлық қаражатты өздері иемденеді. «Жәбірленуші» өзінің ұтысын жеке кабинеттен шығаратын сәтте брокер қаражатты алуға ұзақ уақыт кететінін айтады. Бұл процесс шамамен бір айға созылуы мүмкін, содан кейін брокермен байланыс үзіліп, сайт жабылады.
Полиция азаматтарға биржада ақша табу туралы ұсыныстарға мұқият қарауды ұсынады. Ең алдымен, диллердің лицензиясы мен басқа да рұқсат құжаттары бар-жоғын тексеру керек. Мұны интернетте жасауға болады.
Егер сізде форекс-биржадағы бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі саласында арнайы біліміңіз болмаса және сізге жылдам табыс табу ұсынылса – сақ болуыңыз қажет. Жеке жинақтарыңызды бір сәтте жоғалтуыңыз мүмкін, сондықтан қауіп төндірмеңіз, – деп ескертті полиция.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)