00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалықтарға ипотека рәсімдеуге уәде берген алаяқтар ұсталды

24.02.2023 | 23:19
Елорда ақпарат
64

Бүгінде полицияға алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен 9 адам шағым түсірген. Анықталғанындай, өткен жылы екі әйел азаматтарға ипотека рәсімдеуді ұсынған. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында елорда тұрғыны алаяқтарға алданып, 1,5 млн.теңгесінен айырылған. Алаяқтар 2020 жылдың желтоқсан айында ипотека рәсімдеуге көмектесеміз деп алдап, тағы бір жәбірленушінің 4 млн 490 мың теңге қаражатын иемденіп кеткен, – делінген хабарламада.

Алаяқтың құрбаны болған қала тұрғындары көптен күткен ипотека мен ақшалай қаражаттарының қайтарылуын күтпей, полицияға жүгінген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 40 және 38 жастағы екі әйелді ұстады. Олардың бірі бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. 

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінде (ірі көлемде алаяқтық жасау) тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Аталған тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Орынбор, 9 мекенжайы бойынша орналасқан Есіл аудандық Полиция басқармасына жүгінуді немесе төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71-65-57, 71-65-58, 71-65-50, немесе «102».

Все новости