00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Такси шақырып беремін»: Өскеменде зейнеткерді алдап кеткен әйел ұсталды

24.02.2023 | 23:07
Елорда ақпарат
87

18 қаңтарда Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына 67 жастағы зейнеткер жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Жәбірленуші сол күні таңғы сағат 05:00-де Б.Гагарин көшесінде кетіп бара жатып, өтіп бара жатқан бейтаныс әйелге өзінің телефонын беріп, такси шақырып беруді өтінген. Зейнеткерге жәрдемдесуге бірден келісе кеткен әйел қолына «олжа» түскен соң, қаша жөнелген.

Келтірілген залал 150 мың сомасына бағаланды. Тәртіп сақшылары дереу қылмысты ашуға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

Бүгінгі таңда азаматшадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Все новости