Қарағандылық полицейлер көпірден секірмек болған жігітті құтқарды
![](/img/articles/uploads/61ee6e4ab6444852501154_5fac3d8e8f.jpg)
23 қаңтар күні Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жоламан Жұмағұлов, Қадырбай Ешбаев және Мақсат Мейірбаев қала орталығында қызмет атқарып жүрген. Сағат 15:40 шамасында полиция қызметкерлері Гоголь көшесінің бойында келе жатқанда оларға жедел басқару орталығынан 45 орамдағы көпірден белгісіз азамат секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Арада үш минут өткенде полиция наряды оқиға орнында болған. Сол жерге келген полицейлер көпірдің қоршауынан ұстап тұрған жігітті және оны ұстауға ұмтылған ер адамды байқаған.
Әр секунд шешуші сәт болды. Азаматтық киімдегі адам секірмек болған азаматты күртесінен ұстап тұрды. Алайда нақты секірсе, оны ұстап қалу мүмкін емес еді. Мен Қыдырбай Ешбаевпен келіп, секірмек болған адамды көпірден түсіріп алдық. Кейін азаматтық киімдегі адамның біздің әріптесіміз, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы – Данияр Орынбек екенін білдік. Ол күні оның кезекті демалысы екен, – деді Жоламан Жұмағұлов.
Сол күні көпірден секірмек болған азаматты ең бірінші байқаған да Данияр Орынбек екені белгілі болды. Қызметтен тыс, демалыста болған Данияр өз жұмыстарымен жүріп, көпірден өтіп бара жатқанда белгісіз азаматтың көпірдің қоршауында тұрғанын көрген. Бірден тоқтап, ондай іске бармауын өтініп, қоршаудан түсіріп алған Данир Орынбек өз жөнімен жүріп кеткен. Алайда оның ойын мазасыздық билеп, полиция қызметкері көлігін кері бұрған. Ол сол сәтте жігіттің қайтадан өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көреді. Дер кезінде келген Данияр Орынбек және полиция наряды азаматты көпірден түсіріп алып, орталық полиция бөліміне жеткізді.
20 жастағы жігіт бұл қадамға үйіндегі жарымен ұрысып қалғандықтан барғанын мойындады. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
![](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![Түркістанда жоғалған зейнеткер егістік алқабынан табылды](/img/articles/834de12f00e4dace22d79994711327f3.webp)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)