00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шымкентте пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылды

24.02.2023 | 22:17
Елорда ақпарат
75

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда Абай аудандық Полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның кім екенін анықтады. Жасы – 27-де, мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды, - дейді полицейлер.

Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Все новости