00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды

08.11.2023 | 15:00
101
Фото: дереккөз

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылдан бері ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлігі, 257-бабы 3-бөлігі (ескі редакция) бойынша іздеуде жүрген 49 жастағы Ө. есімді азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Осыдан 14 жыл бұрын Тараз қаласында тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін оған қатысты іздеу жарияланған болатын.

Жедел мәліметтерге сәйкес, ол бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған. 

7 қараша күні жамбылдық полицейлермен арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азамат Алматы қаласындағы фитнес залдарының бірінде ұсталды. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған, - деп жазды Polysia.kz  Telegram арнасы. 

Анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы Жамбыл облысының ПД-ге жеткізілді. Аталғандардың саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң іздеудегі азамат Алматы қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Все новости