00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Әкім бес жасар баланы құтқарып қалған оқушыға алғыс айтты

22.05.2024 | 13:39
161
Әкім бес жасар баланы құтқарып қалған оқушыға алғыс айтты
Фото: дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бес жасар баланы өлімнен құтқарып қалған Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.

Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде.

Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз, - деп жазды Ж.Қасымбек.

 

Айта кетейік, елордада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы өлімнен аман алып қалған болатын.

Все новости