00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Спорттық жетістікке жеткен елордалық полицейлер марапатталды

10.04.2024 | 15:15
Елорда ақпарат
135
Спорттан жүлделі орындарға ие болған елордалық полицейлер марапатталды
Фото: дереккөз

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жарыста жүлделі орындарға ие болған полицейлерді марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Петропавл қаласында өткен кикбоксинг бойынша республикалық турнирде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленгені үшін жедел іздестіру бөлімінің кіші жедел уәкілі Арай Мусина медальмен және кубокпен марапатталды.

Самбодан қалалық чемпионатта 58, 64, 79 және 98 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын иеленгендері үшін полиция сержанты Оразбек Жамбыл, полиция капитандары Қали Абзал, Нұрлан Тұрғанбаев және лейтенант Ербай Нұрдәулет медаль және дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласында өткен қазақша күрес бойынша ҚР ІІМ спартакиадасында 82, 90, 100 кг салмақ дәрежесінде бірінші орын алғандары үшін полиция лейтенанттары Санжар Ақылбеков пен Тәңірберген Тергеубеков, полиция капитаны Ерасыл Тұрсынбеков, полиция аға лейтенанттары Олжас Шынкеев және Алмас Жұмағали марапатталды.

Елордалық полиция басшысы марапатталғандарды спорттық жетістіктерімен құттықтап, олардың кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағанын атап өтті.

Все новости