00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Таза Қазақстан»: Сарыарқа ауданындағы полигонда экоакция өтті

06.06.2024 | 12:34
175
Сенбілік

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы, Парламент Мәжілісі депутаттары мен орталық аппарат басшылығының қатысуымен Сарыарқа ауданындағы полигонда  тазалық жұмыстары өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Экоакцияға 400-ден астам адам жұмылдырылды. Оған партия еріктілері де қатысты. Экоакцияның мақсаты туралы «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек айтып берді.

Біз тазалыққа жаны ашитын әрбір азаматты сенбілікке  шақырамыз. Сондықтан осы бағытта жұмыс бастап кеттік. Іс-шара мақсаты - әрбір тұрғынға экологиялық мәдениетті сіңіру, насихаттау. Елімізде әртүрлі экологиялық мәселелер орын алып жатыр. Сондықтан бірінші кезекте біздің басты мақсатымыз - қоршаған ортамызды қорғауға шақыру. Біз оны тек сөзбен емес, іс-шара арқылы дәлелдегіміз келеді,- деді Мұхаммед Болысбек.

Сенбілікке қалалық мәслихат депутаты, Сарыарқа ауданының «AMANAT» партия филиалының төрағасы Ерлан Дәкенов те қатысты.

Қаламыздың тазалығы өзімізден басталады. Астана барлық мемлекеттерге тазалығымен сәнді болу керек. Сондықтан осындай акция арқылы ұрпақтарымызға эстетикалық мәдениетті дамытуға үлес қосқанымыз абзал, - деді Ерлан Дәкенов.

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының жетекшісі Елдос Нұрлан сенбіліктің ерекшілігіне тоқталып өтті.

Бүгін әдеттегі сенбіліктен ауқымдырақ іс-шара өтіп жатыр. Көріп отырғандарыңыздай, бұл аймақта қалаға қарағанда қоқыс әлдеқайда көп. Сондықтан қаламыздың қызметтері қамти бермейтін учаскіде тазалық акциясын жүргізіп жатырмыз, - деді Елдос Нұрлан.

Айта кетейік, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы сәуір айынан бері жалғасып жатыр. 

 

Нурия Куанышкалиева

Аруза Боранбаева

Все новости