00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады

02.07.2024 | 11:55
Олжас Сүлейменов
117
Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады
Фото: дереккөз

Астана күніне орай елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан журналистер арасындағы байқау қатысушыларының жұмыстарын әділқазы алқасы қарап, үздіктерді анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Үміткерлер сегіз номинация бойынша бақ сынады:

1) «Үздік журналист-сарапшы»;

2) «Үздік шолушы»;

3) «Үздік радиорепортаж»;

4) «Үздік телесюжет»;

5) «Үздік мобилограф»;

6) «Үздік фоторепортаж»;

7) «Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал»;

8) «Астана қаласы мәслихаты жайлы үздік материал».

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 5 шілде күні сағат 11:00-де болады.

Өтетін орны: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/19.

 

Все новости