00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
фото: gov.kz

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында Астана қаласының Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде, деп хабарлады Elotda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда акция басталғалы полицейлер 17 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 7 007, қоғамдық орындарды ластау – 3 695, жолдың жүру бөлігін ластау – 533, сусымалы жүктерді қалқасыз тасымалдау, оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 5 780 болған.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізілуде, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  Жыл басынан бері қоқыс түсірген 144 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Все новости