00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ертең елордадағы Орталық саябақта шаңғы жарысы өтеді

29.12.2023 | 13:00
95
фото: gov.kz

30 желтоқсанда Астаналық саябақта қысқы спорт түрлері маусымының ашылу рәсімі өтеді. Соған орай шаңғы роллері жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Шаңғы жарысына қатысушылардың барлығы 500 метр және 5 км аралығында сынға түседі.

Бұған қоса спорттық мерекеде спорттың төрт түрі бойынша, атап айтқанда гір тасын көтеру, армрестлинг, белбеу күресі және арқан тартыс бойынша жарыстар өтеді.

Қатысушыларды тіркеу 30 желтоқсан таңертеңгі сағат 08.00 басталады, ал жарыстың басталуы сағат 10:00.

Қатысушылар жарыс болатын орында тіркеле алады.

Спорттық мерекеде көрермендер мен қатысушылардың арасында лотерея мен түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылады деп жоспарланған. Әрбір жас санатына қарай үздіктер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Все новости