00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Астанада 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған қала тұрғындары ұсталды

18.06.2024 | 16:32
Торғын Аман
97
Астаналық полицейлер 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған қала тұрғындарын ұстады
фото: дереккөзден

Елорда полицейлері мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған қала тұрғындарын қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері 24 және 25 жастағы елорда тұрғындарын қолға түсірді. Олар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемей тұрғандарын байқап, түнгі уақытта кіреберіс есікті бұзып кіріп, 8 дана «LG» және «Sumsung»  теледидарын алып кеткен.   

Полицейлердің айтуынша, екеуі ұрланған техникаларды ломбардқа өткізген. Келтірілген материалдық шығын 3 млн теңге шамасында.

Жедел қызметкерлер олардың теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Қазір аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Все новости