00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарды

22.06.2023 | 13:00
191
Фото: Назгүл Мақжан

21 маусымда сағат 19.00 шамасында құрғақ шөптің өртенуін жою кезінде Астана қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қамыс өскіндерінің арасынан еліктің лағын тауып алып, құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.

22-3.jpg
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта лақ қауіпсіз жерде және Ақмола облыстық Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін әрбір өмір иесі бағалы және олар әрқашан мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын.

Все новости