00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Elorda Aqparat» медиа холдингінің журналистері алғыс хаттармен марапатталды

27.06.2023 | 13:11
101
фото: Василий Крась

«Elorda Aqparat» медиа холдингінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл Журналистер күні Астананың 25 жылдығы қарсаңында өтуде. Жұмыстағы жоғары кәсібилігі үшін қызметкерлер құрмет грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда, редактор Венера Баталова («Elorda.info»), редактор Зарина Кеңесова («Elorda.info»), ЅММ-маманы Гүлжан Уәлиева («Elorda.info»), журналист Индира Бержанова («Astana Aqshamy»), журналист Нұрлат Байгенже («Astana Aqshamy»), журналист Дарья Иванова («Вечерняя Астана»), дизайнер Татьяна Гейзер (Вечерняя Астана).

венера награжд.jpg

 Баршаңызды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мол бақыт пен мықты денсаулық тілеймін. Жұмыстарыңыз әрқашан сәтті болсын! Барлық ұжымның шығармашылық табысы арта берсін, - деді Дәурен Бабамұратов.

Малика Галиева

Все новости