00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астанада көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр

13.11.2023 | 10:30
110
Фото: дереккөз

Елорда әкімдігі қалалық Урбанистика орталығымен бірлесіп, Астананы көгалдандыру Жарғысын әзірлеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Құжатта нақты шараларды, жоспарларды және Астананы көгалдандырудың жалпы стратегиясын қамтитын ережелер мен ұсыныстар жинағы болады. 

Көгалдандыру жарғысы қаланың барлық қатысушылары, оның ішінде тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аудару құралы болып саналады.

Құжат аясында жасыл желектер, суару жүйелерімен және күтім жұмыстарымен қамтамасыз ету, ағаштар саны бойынша регламент және т.б. талаптар қабылданатын болады.

Мысалы, биыл құрылыс салушылар тарапынан жасыл желектерді отырғызу 2,5 есеге ұлғайды. Қала бойынша 100 000-нан астам жасыл желек отырғызылды.

Бүгінгі таңда жасыл желектерге жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша елорданың бір тұрғынына көгалдандыру алаңы 14 м2 құрайды. Мақсат оны бірнеше жыл ішінде 19 шаршы метрге дейін арттыру.

Қаланы көгалдандыру бойынша ұсыныстар мен идеяларды тұрғындар Урбанистика орталығының centerofurbanism@gmail.com поштасына жібере алады. 

Ұсыныстар өңделеді және ескеріледі. Биыл| желтоқсан айында қаланы көгалдандыру жарғысы Астана мәслихатының отырысында қаралады.

Все новости