Астанада «Ертегі – ел ертеңі» сайысының жеңімпаздары анықталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/DSC_09715_resized_1a25a05c55.jpg)
Балалар әдебиетінің, соның ішінде ертегі жанрының дамуына үлес қосу мақсатында бастау алған байқаудың алғашқы – іріктеу кезеңі қала тұрғындары арасында өтті. Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер қатары қалың болды. Келіп түскен өтінімдер саны 50-ден асқан. Арнайы комиссияның шешімімен үздіктердің үздігі ақтық мәреге жолдама алды.
«Ертегі – ел ертеңі» сайысы екі бағытты қамтыды. Бірінші бағыт – Ертегі жазу сайысында шығарманың мазмұнына, тіл байлығына, сюжеттің тартымдылығына, көркемділігі және т.б. мән берілді. Ертегі тақырыбы еркін түрде таңдалды. Ал Ертегі оқу сайысында актерлік шеберлік, тілі тазалығы, мәтінді оқу ерекшелігіне баса назар аударылды.
Оқушылар сарайында өткен салтанатты кештің шымылдығын «Жастар» театрының әртістері ертегі қойылымымен ашты. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – елімізге белгілі сазгер, әнші – Медет Салықов және дәстүрлі әнші – Клара Төленбаева, республикалық байқаулардың лауреаты, «Жас қанат» конкурсының жеңімпазы Әсем Омарова мен кішкентай өнерпаз әрі тележүргізуші Жанкерім Абзалбек аталмыш кеште өнер көрсетті.
Байқаудың әр бағыт бойынша қорытынды кезеңге шақырылған ертегі авторлары мен оқу шеберлері өз шығармашылығын көпшілік алдында паш етті. Ертегі жазу сайысында үздік танылған 9 көркем шығарманы мәнерлеп оқу сайысының қатысушылары таныстырды.
Қорытынды кезеңде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, актер – Болат Ұзақов, жазушы, баспагер-ғалым, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері – Райхан Мәженқызы және ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Дәулеткерей Кәпұлы қазылық етті.
Сайыстың тағы бір ерекшелігі – жас ерекшелігіне шектеу болған жоқ. Сондықтан қатысушылардың арасында кәсіби мамандармен қатар мектеп оқушылары да болды.
Қазылар шешімімен жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар анықталды.
Ертегі жазу сайысы бойынша:
Бас жүлде – Азамат Серікұлы, С. Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкері;
І орын – Мерей Қарт, ақын;
ІІ орын – Балауса Төлеуғалиқызы, №84 балабақша меңгерушісі;
ІІІ орын – Ерназар Дәуренұлы, 9-сынып оқушысы.
Ертегі оқу сайысында:
Бас жүлде – Әмина Серікқызы, 1-сынып оқушысы;
І орын – Сая Тоқманғалиева, Қаллеки театрының әртісі;
ІІ орын – Ажар Ерболған, ақын, журналист;
ІІІ орын – Айзада Жанатқызы.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
![](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![](/img/articles/f595fc6dc2d71ecd8a6f875c6b2dc8be.jpg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Астанада 15 автобустың жүру бағыты уақытша өзгереді](/img/articles/f595fc6dc2d71ecd8a6f875c6b2dc8be.jpg)
![Елордада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі](/img/articles/ed9ee392a585ebdde9cbd9889d3117f6.jpg)
![Астанада бірқатар көшеде автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады](/img/articles/67dba60bb630679e8e93093f6ac98b4d.jpeg)
![ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі](/img/articles/edbe6cdfa2beecbb875c9f519172ea31.jpeg)
![Елордада көп қабатты ғимараттарда өрт-тактикалық жаттығу өткізілді](/img/articles/9c7462e563811677e39a8717a383c7a9.jpg)
![Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды](/img/articles/ae63b0d201496e8d7cdbbd953a78949c.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)