00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды

01.07.2024 | 14:31
Торғын Аман
194
Елордада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала аман табылды
фото: polisia.kz

Елордада Феликс атты полиция итінің көмегімен жоғалған бала табылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 8 жасар баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кірісті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразкановты Феликс лақап атты қызметтік иті ізге бірден түсіп, балаға алып келген.

Феликс – неміс овчаркасы, жас иттердің бірі. Оның елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. 2 жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат табылды. Бұл жағдайда да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында бала аман-есен табылып, үйіне оралды.

Все новости