Астанада қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің кеңесі өтті
![](/img/articles/uploads/64267b8d32c3a128721251_7699bf0585.jpg)
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен өткен кеңес қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен медициналық қызмет бастықтарының нұсқаулық-әдістемелік жиындары аясында өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қорғаныс ведомствосының басшысы жергілікті әскери басқару органдарының қызметі ең алдымен әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың кәсіби даярлығына байланысты екенін атап өтті. Ол заң талаптарын қатаң сақтауды, әскерге шақырылушылар мен олардың туыстарымен жұмыс істеуде этикалық нормалардың бұзылмауы қажеттігіне назар аударды.
Қарулы күштер – мемлекеттің негізгі институттарының бірі, – деп атап атты генерал-полковник Руслан Жақсылықов. – Президент бізден, яғни, мемлекет өкілдерінен, ең алдымен жеке парасаттылық пен адалдықты талап етеді.
Министр, сондай-ақ, шақыру науқанын ұйымдастыру сапасы, әскерге шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу, жарамсыз не әскери қызметтен босатылған азаматтарды шақыруға жол бермеу мәселелерін де қозғады.
Нұсқаулық-әдістемелік жиындарда әскери жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеу, келісімшарт бойынша қызметке қабылдау және бірінші тоқсанда әскери-техникалық мектептерде мамандар даярлау жұмыстарының қорытындысы шығарылды.
Жиынға қатысушылар жергілікті әскери басқару органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша дәрістер топтамасын тыңдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, цифрлық трансформацияны іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету, запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын қолдану кезінде жіберген негізгі қателіктері талданды.
Жиын шеңберінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен кеңес өтізу жоспарланып отыр. Онда Қарулы күштердің сержанттар мен сарбаздар құрамын келісімшарты бойынша әскери қызметшілермен жасақтау мәселелері талқыланбақ.
![Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті](/img/articles/8eba353d8b73ad72937db14a402a9487.jpeg)
![Садақ атудан III Гран-при Астана халықаралық турнирі мәресіне жетті](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![3 шілде күні елордада отшашу атылады](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![ШЫҰ саммиті: Елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталды](/img/articles/73722d55f619cf2e5152c64e274fa61e.jpeg)
![Астанада «Creative summer» жобасы жаздың соңына дейін жұмыс істейді](/img/articles/9e448a2cb048a685ac67162590937bdd.jpeg)
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)