Елордада ИННОПРОМ халықаралық көрмесі өтеді
![](/img/articles/uploads/6372fd411e5aa022884326_455eaf1c83.webp)
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздевпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info Индустрия министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар келесі жылы Қазақстанда Иннопром халықаралық өнеркәсіптік көрмесін өткізу жайын талқыға салды.
Иннопром көрмесі 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде Екатеринбург қаласында өткізіліп келеді. Ауқымды шара өнеркәсіп өкілдері үшін сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, жаңа нарықтарды ашып, серіктестерді табуға, тапсырыс берушілер және жеткізушілер арасында диалог орнауына септігін тигізеді.
Кездесу барысында Қайырбек Өскенбаев халықаралық көрмені ұйымдастыру келесі жылдың қазан айына жоспарланғанын атап өтті.
Биыл Қазақстан ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі болды. 1600 шаршы метрді құрайтын қазақстандық экспозиция алаңына химия, фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компания орналасты. Біз үлкен тәжірибе жинадық, ендігі ретте еліміздің астанасында осындай шараны өткізу мақсаты тұр,- деді министр.
Өз кезегінде, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздев шараны ұйымдастыру жұмыстарына барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта көрмеге қатысуға ниетті өндіріс ошақтарымен жұмыс жүргізбек.
![Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті](/img/articles/8eba353d8b73ad72937db14a402a9487.jpeg)
![Садақ атудан III Гран-при Астана халықаралық турнирі мәресіне жетті](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![3 шілде күні елордада отшашу атылады](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![ШЫҰ саммиті: Елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталды](/img/articles/73722d55f619cf2e5152c64e274fa61e.jpeg)
![Астанада «Creative summer» жобасы жаздың соңына дейін жұмыс істейді](/img/articles/9e448a2cb048a685ac67162590937bdd.jpeg)
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)