00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада кейбір тұрғындарға қатты отын сатып алуға көмек беріледі

31.03.2023 | 17:44
ҒаниАтымтай
85

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев facebook-парақшасында тұрғындардың жекелеген санаттарына қатты отын сатып алуға көмек берілетінін жазды, деп хабарлады Elorda.info

Құрметті қала тұрғындары! 

Астана қаласы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек.
 
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда (190 088 тг) басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға жүргiзiледi.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 50 880 тг).

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының байланыс телефондарына хабарласуға болады:
Алматы ауданы – 55-01-74
Сарыарқа ауданы – 55-14-87
Байкоңыр ауданы – 55-72-32
Есіл ауданы – 55-74-50, – деп жазды қала әкімінің орынбасары. 

Все новости