00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елорда әкімдігі алдындағы алаң қалай көгалдандырылады (ФОТО)

25.02.2023 | 03:44
Елорда ақпарат
120

Бұл туралы елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлім етті. 

Орталық алаңда 12 метрлік шырша отырғызылды. Алдағы уақытта 100-ге ағаш, 7000-нан астам көпжылдық бұталар отырғызу жоспарлануда. Көгалдандырудың жалпы ауданы: 1330,4 м2.
Қалалық урбанистика орталығының жетекшісі Ельнар Базыкеннің айтуынша, қалада табиғаттың тірі бұрыштары құрылған кезде экоурбанизм қағидалары қолданылады. Осылайша, алаң елорданың жасыл оазисіне айналады деп күтілуде, – делінген хабарламада.

Бүгінде алаңда орындықтар, шамдар, көлеңкелі шатыр орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеде туннельді субұрқақ пен тұманды бұлт әсерімен шар түріндегі арт-нысанды іске қосу жоспарланып отыр.

Биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Елорданың дизайн-коды бойынша кедергісіз орта құра отырып, «адамдар үшін қала» тұжырымдамасы ескеріледі, - деп атап өтті Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетейік, былтыр Нұр-Сұлтанда миллионнан астам жасыл желек отырғызылды.

Все новости