00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада шаңғы жарысынан қалалық ашық чемпионат өтті (ФОТО)

25.02.2023 | 03:02
Елорда ақпарат
68

Додаға Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан шаңғы спортын жанына серік еткен спортшылар келді. Ашық біріншілік елорданың Орталық саябағындағы шаңғыроллері тасжолында өтті.

Екі күнге жалғасқан дәстүрлі спорт бәсекесінде бақ сынауға 200-ден аса қатысушы ниет білдірген. 8 санат бойынша 6 жастан, 60 жасқа дейінгі кәсіби спортшылар мен әуесқойлар бақ сынады. Шаңғышылар классикалық және еркін стильде өзара мықтыны анықтады.

Биылғы ашық біріншілікке қатусышылар саны көп. Саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданушы тұрғындар кәсіби спортшылардан қалыспай, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мектеп жасындағы спортшылардың барын салып, мәреге талпынуы ерекше әсер сыйлайды. Нағыз дарынды спортшылар осындай бәсекеде бой көрсетіп, іріктеле бастайды. Чемпионаттың негізгі мақсаты осы, – деді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Самат Жылқыбаев.

Все новости