00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада жемқорлықтың алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өтті

25.02.2023 | 01:22
Елорда ақпарат
63

Президенттің Жарлығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдар жұмысының бірізділігін айқындайтын құжат қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік аппараттың алдына қойылған 6 негізгі міндет айқындалған.

Мұндай шараларға: парасатты қоғамды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру жатады.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті іс-қимыл жоспары әзірленді, ол азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік құрылымдардың мінез-құлқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды тиімді енгізуге ықпал етеді.

Іс-шарада азаматтық және мемлекеттік сектордың өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды, тұжырымдаманың негізгі ережелері назарына жеткізілді.

Мәселен, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, жоспарланған жұмыста қоғамның парасатты қоғам қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысуына ерекше рөл берілген, мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимылының жүйелі шаралары тұжырымдалған.

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік басқару жүйесінде де, жеке секторда да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін енгізуге ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу – барлық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жұртшылықтың алдында тұрған ортақ міндет.

Все новости