Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгерді
![](/img/articles/uploads/619a20893bed9972949567_1de7cffd2d.jpg)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төралқа мәжілісінде «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен ұсыныс түсті. ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берген. Осылайша, 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама әл-Фарабидің есімімен аталатыны туралы шешім қабылданды.
«Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың атына өзгерту жайында шешім қабылданды. Жалпы, осы елорда төріндегі мешітке бабамыздың аты берілуі тектен-тек емес. Өйткені, ең бірінші әл- Фараби деген кезде әрбір мұсылман үшін, әрбір қазақ руханиятына имандылықты, білімге деген құштарлықты, қанағатшылықты, қарапайымдылықты еске түсіреді», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов.
2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт елорданың Есіл ауданында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. Орталықтың ашылуына сол тұстағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартқан болатын.
«Мешітке әл-Фарабидің есімін бергенде біз екі себеппен қуандық. Бірінші — ғылым, білім келеді, әл-Фарабидің аты бізді жаңғыртып тұрады деп. Екінші жағдай, біз енді әл-Фараби атымен әлемге таныламыз, әлемді танимыз деп. Әл-Фараби біз үшін рухани көпір», – дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы.
«Әбу Насыр әл-Фараби деген адам жеті ғасыр бойы бүкіл адамзаттың ақыл-ойының негізгі тірегі болды. Осы исламның пәлсапасын, дүниетанымын бүкіл дүние жүзіне кәсіби түрде насихаттап, жеткізген – Әбу Насыр әл-Фараби. Сондықтан әл-Фарабидің атымен мешіттің аталуы, бұл – өте тамаша әрі орынды», – деп атап өтті ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім.
![Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті](/img/articles/a977f7fbd6c241ffaba860ad09946070.jpeg)
![Садақ атудан III Гран-при Астана халықаралық турнирі мәресіне жетті](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![3 шілде күні елордада отшашу атылады](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![ШЫҰ саммиті: Елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталды](/img/articles/73722d55f619cf2e5152c64e274fa61e.jpeg)
![Астанада «Creative summer» жобасы жаздың соңына дейін жұмыс істейді](/img/articles/9e448a2cb048a685ac67162590937bdd.jpeg)
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
![Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады](/img/articles/0e24487c7164bf03760f9819623fb0c9.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Елордада 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды](/img/articles/733cabfe3632049be504707aac257007.jpeg)
![Астана күніне орай ұйымдастырылған журналистер байқауының жеңімпаздары 5 шілдеде марапатталады](/img/articles/a17d12c35503a47231247a1a5df44b3a.jpeg)
![«Мерейлі отбасы» байқауы: Астанада қалалық кезеңнің жеңімпаздары марапатталады](/img/articles/ae3c72c23c830b76f9b7deb837e341a4.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)