00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды

24.05.2024 | 16:32
Олжас Сүлейменов
136
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңында баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Комитет төрағасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 20 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Абай облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында, ал 27 сәуірде республиканың барлық өңірінде жалпықазақстандық акциялар өткенін айтты.

Акция кезінде сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Іс-шараға 255 мыңнан астам адам, 20 сәуірде 25 мың адам, 27 сәуірде 30 мыңнан астам ерікті мен белсенділер, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың 130 мың қызметкері, 70 мың мемлекеттік қызметші қатысты.

Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, бұл акция аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Күзде бұл шаралар өз жалғасын табады. 

Елді мекендердің аумағында 15 млн ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құрудың өңірлік жоспарлары бекітілді. 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 3 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы, өткен 3 жылда 10,3 млн ағаш отырғызылды, – деді ол. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Орман қоры жерінде 2 млрд ағаш отырғызу шаралары қабылдануда. Әр облыста тиісті жұмыстар жүргізу жоспары бекітілді. 

Жүргізілген талдау көрсеткендей, 2021-2023 жылдар кезеңінде жалпы республика бойынша орман-мәдени жұмыстардың жоспарлары 83,4%-ға орындалды, бұл ретте 1011,8 млн дана ағаш-бұта түрлерін отырғызу және егу көзделген, ал іс жүзінде 843,5 млн дана ағаш отырғызылып, егілді.

Все новости