00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады

28.06.2024 | 13:54
Сабина Кәкімжан
114
Астанада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жәрмеңке «Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы орналасады (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23). Ол күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.

Жәрмеңкеде жергілікті, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарының тауар өндірушілерінің тауарлары ұсынылады.

Келушілер жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, сапалы ет, ұн өнімдерін және басқа да көптеген ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала алады.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанында №49, 73 автобус маршруттары өтеді, бұл іс-шара өтетін жерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, елордада демалыс күндері жәрмеңке жұмыс істейді. Ол Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан. Бұл жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Все новости