00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

«Орал-Астана» бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады

28.06.2024 | 14:39
Олжас Сүлейменов
132
 «Орал-Астана» бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады
Фото: дереккөз

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Үкіметтің халықты қабылдау орталығында азаматтармен жеке мәселелері бойынша кездесті. Кездесуге Астана және Орал қалаларының тұрғындары жазылды, деп хабарлады Elorda.info.

Өтініш білдірушілер әуе және теміржол көлігіне билет сатып алу, жаңа теміржол бағыттарын ашуға қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Орал қаласының тұрғыны «Орал-Астана» бағыты бойынша Тальго пойызын іске қосуға қатысты сұрақ қойды. Министр биыл күзде аталған бағыт бойынша Тальго пойызы іске қосылатынын атап өтті. Сонымен қатар бейінді министрліктің басшысы теміржол вагондары паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы да айтты. Атап айтқанда, биыл 140 бірлік жаңа вагон сатып алынса, келесі 2025 жылы 224 жаңа вагон сатып алынады.

Әуе тасымалы бойынша айта кетерлігі, қазіргі уақытта Орал-Астана бағыты бойынша коммерциялық негізінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына 6 рейс, Fly Arystan лоукостері аптасына 4 рейс орындайды.

Кездесудің қорытындысы бойынша өтініш білдірушілерге толыққанды жауаптар қайтарылып, бірқатары министрдің жеке бақылауына алынды.

Все новости