00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

СҚО-да су тасқынына қарсы 3 мыңнан аса адам жұмыс істеп жатыр

09.04.2024 | 08:49
Елорда ақпарат
143
СҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлады Elorda.info.

Үкімет басшысы Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қарғын суды өткізу үшін автожолдарда жол төсемін аршу жұмыстары 6 рет жүргізілді. Баламалы бағыт қарастырылып, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440 мың м3 су сорылды. 165 шақырымнан астам арық тазартылды, 2.7 шақырым каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді.

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындар сұрақтарына жауап берді, еріктілер мен сарапшыларға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Үкімет басшысы тартылған қосымша күштер мен техниканы ескере отырып, бөгеттерді нығайту жұмыстарының қарқынын жеделдету, оның ішінде биіктігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі маңызды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдіктің, ПД, Ұлттық ұлан бөлімшесінің және жеке ұйымдардың 1 432 қызметкері, 1 200 ерікті қатысуда. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бүгін Қорғаныс министрлігінің 300 әскери қызметшісі барды. Осылайша барлығы 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да сонда. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости