00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті

04.07.2024 | 21:35
Сабина Кәкімжан
118
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке түрікмен халқының көшбасшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көпжақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет. Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Все новости