00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Әскери қызметшілер парашютпен секіру дағдыларын пысықтады

31.05.2024 | 21:14
Сабина Кәкімжан
118
Әскери қызметшілер парашютпен секіру дағдыларын пысықтады
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның  3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әуе-десанттық дайындық курстары аясында парашютпен секірді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталмыш шара ҚР Ішкі іштер министрі және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығы негізінде жүзеге асты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұландықтар өз шеберлігін Астана қаласының жанындағы «Северный» аэрадромында шындады.

Жалпы әуеден жерге қарай 32 ұландық секірсе, оның 27 - ұшқыштар, 1 –  нұсқаушы, 5- парашютті-десанттық құтқарушы топ мүшелері болды. Әскери қызметшілер МИ-171Е тік ұшағының көмегімен 4 сағаттан астам уақыт аспанға көтерілді. Екі ауысым бойы ұландықтарды 6 жоғарылау жүзеге асты. Өз дайындыын шындағандардың қатарында нәзік жандылар да болды. Солардың бірі – 3656 әскери бөлімі - әуе эскадрилиясының борт серіктер қызметінің офицері лейтенант Жанар Кубенова.

Бұл менің үшінші рет парашютпен секіруім болды. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ауа райының қолайлы болуы бізге бүгінгі дайындықты орындауға мүмкіндік берді. Болашақта да бұл бағдарлама аясында өз кәсіби шеберліктерімізді арттыра береміз,-дейді ол.  

Еске сала кетейік, жақында Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның авиациялық базасын ашқан болатын. Жаңа әуе базасының ашылуын тек Ұлттық ұлан үшін емес, бүкіл Қарулы Күштердегі айтулы оқиғаға балады.

Все новости