00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Бүгін ЮНЕСКО клубтар федерациясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясының бірлесе ұйымдастыруымен TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойы аясында жалпыұлттық сенбілік өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақ ұлттық хореография академиясы аумағында өткен шара жас ұрпақ арасында экологиялық сананы арттыру арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат етеді. 

ЮНЕСКО клубтар федерациясының президенті Болат Ақшолақовтың сөзінше, TURAQTY JOL бастамасы, өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.

TURAQTY  JOL – бұл ұйымның тұрақты даму саласындағы негізгі жобаларының бірі, ол бірнеше кезеңнен тұрады және жастардың дамуы төңірегінде әртүрлі салалардағы көптеген серіктестер мен сарапшыларды біріктіреді.  2020 жылы басталған жоба бес жыл ішінде еліміздің әртүрлі аймақтарынан 10.000-нан астам қатысушыны қамтыды. TURAQTY JOL тұрақты даму мүддесі үшін ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы басым міндеттерінің біріне жәрдемдесуге арналған. Сонымен қатар экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару арқылы жастардың санасын өзгертуге бағытталған,- дейді Болат Ақшолақов.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тазалық жұмысына 100-ге жуық қала тұрғыны ат салысты.  Жалпы жаһандық сенбілік тек елордада ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта ұйымдастырылды7 Ал жиналған қоқыс экоакция аяқталғаннан кейін қайта өңдеу үшін жергілікті компанияларға берілді.

Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды. Бүгінгі сенбілікке жастар белсенді қатысып қатысып жатыр.  Олар қоршаған ортамызды тазартып, әсем қаламыздың көрікті болуына үлесін қосуда,- дейді Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, Астана қаласы бойынша ЮНЕСКО клубтар Федерациясының өңірлік өкілі Бибігүл Нүсіпжанова.

Все новости