00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
фото: Оңалхан Өнерхан

"Қазгидромет" РМК 1 шілдеге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер тұрақсыз ауа райының қалыптасуына түрткі болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады, - деп жазылған хабарламада.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Все новости