00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Әскери қызметші суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

10.06.2024 | 16:16
Сабина Кәкімжан
98
Әскери қызметші суға батып бара жатқан әйелді құтқарды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 9 маусым күні сағат 22:45 шамасында Талдықорған қаласында болған. 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Әлішер Асылбеков қалалық жағажайда серуендеп жүргенде суға батып бара жатқан әйелді байқайды. Куәгерлер шұғыл қызметтерге қоңырау шалып жатқанда ұландық жауынгер оны құтқару үшін дереу суға секіреді. Әйелге қарай жылдам жүзіп барып, қолынан ұстап, жағаға сүйреп шығарады. Жағаға шығарған бойда алғашқы көмек өрсетіп, реанимациялық әрекеттер жасаған. Сондай-ақ жәбірленушінің оқиғаны өз көзімен көріп, жылап жатқан баласын тыныштандырады, - деп жазылған хабарламада.

Әлішер Асылбеков Ұлттық ұланда 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол өз әрекетін батырлық деп санамайды:

Менің орнымда кім болса да, мұндай жағдайда қол қусырып қалмай, бірден көмектеседі деп ойлаймын. Су жағасынан айғай-шу естігенде не боп жатқанын түсіну үшін жүгіріп барлап шықтым. Әйел суға батып бара жатыр екен. Оның үстіне сол маңға жарық та түспей, қараңғылық жағдайды одан сайын қиындатты. Содан аман-есен жағаға шығарғанымда, әлі де есеңгіреп жатты. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Осының бәрін көріп, қорыққаннан  оның 2 жасар жылап жатты. Кейін оны қолымнан келгенше жұбаттым. Ары қарай оқиға орнына полиция қызметкерлері  келіп жетті, - деді  әскери қызметші.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости