00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Әскери қызметкерлерге білім беру гранттары табысталды

27.05.2024 | 19:00
Сабина Кәкімжан
141
Әскери қызметкерлерге  білім беру гранттары табысталды
Фото: ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Бүгін Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің сарбаздарына  жоғары оқу орындарына түсу үшін арнайы сертификаттар табысталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғары білім алуға арналған  бұл гранттар жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға  беріледі. Сондықтан да бүгін қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға әскери бөлімнің саптық аланыңда Қорғаныс министрлігінің сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бір атап өтерлігі, сертификаттарды жеңіп алған сарбаздар алдағы уақытта еліміздегі беделді оқу орындарына  ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай түсе алады, - деп жазылған хабарламада.

Аталмыш сертификаттар салтанатты түрде табысталған соң білім гранттарының иегерлері естелік фото суретке түсіп, әскери бөлім басшылығына алғыстарын білдірді.

 

Все новости