00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Синоптиктер алдағы күндері күн күрт суытатынын ескертті

13.05.2024 | 17:30
120
Синоптиктер алдағы күндері күн күрт суытатынын ескертті
фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндері бірқатар өңірлерде жаңбыр және бұршақ жауып, үсік жүретінін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл соғады.  Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз обылысының батысында, солтүстік-батысында 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.  

Қызылорда облысында да найзағай ойнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай, бұршақ, дауыл соғады, желдің екпіні екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости