00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Оңтүстіктен барған ұландықтар батыста су тасқынымен күресіп жатыр

22.04.2024 | 08:32
77
Оңтүстіктен барған ұландықтар батыста су тасқынымен күресіп жатыр
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында жағдай өте күрделі. Осыған орайт су тасқынының екінші толқынына қарсы шараларға еліміздің төтенше жағдай қызметкерлерімен қатар әскери құрылымдар, оның ішінде Ұлттық ұлан жауынгерлері де жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Батыс Қазақстан және Атырау облысына Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларынан 1000 ға жуық Ұлттық ұлан қызметшілері жіберілген. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Набиғазы Мақсат.Сарбаз үшін қаптың ауырлығы емес, ел алдындағы жауапкершіліктің жүгі маңызды.

 Еліміздің батыс аумағында болып жатқан табиғи апатты естіген сәттен бастап жолға шыққан болатынбыз. Қазіргі уақытта осы аймақтағы бөгеттер тұрғызу жұмыстары мен қатар үйлерін су басқан тұрғындарды эвакуациялау жұмысын қатар атқарып жатырмыз. Қазіргі таңда табиғи апаттың екінші толқынының алдын алу үшін бар күшімізді салып жатырмыз, - дейді Мақсат Махмутұлы.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының тұрғындары су тасқынының екінші толқының күтіп,  құм толтырылған қаптардан бөгеттер салып қамдануда.

Сонымен қатар бүгінді таңда аталмыш аймақтарды 2000-ға жуық ұландықтар да қызмет атқарып жатыр.

Все новости