00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қорғаныс министрі әскери нысандарды тексерді

07.09.2023 | 07:30
127
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жамбыл облысындағы әскери полигондардың, оқу-жаттығу орталықтары мен далалық лагерьлердің оқу-материалдық базасының жай-күйін тексерді, деп хабарлады Elorda.info.

Министр Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Батыл тойтарыс-2023» жаттығуларында әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, командирлердің кәсіптік даярлығы мен басқару қабілеттеріне қойылатын талаптарды арттыру жөнінде жүктеген міндеттерін жеке құрамға жеткізді.

Әлемде геосаяси қайшылықтар артып келеді. Мемлекет басшысы оқу-жаттығуда сөйлеген сөзінде бүгінде шабуылдар тек әскери ғана емес, сонымен қатар ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және тағы басқа да сипатта болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, армия жоғары кәсіби, мобильді және ең күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын болуы тиіс, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Гвардейск гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы қазіргі уақытта Алматы қаласынан шақырылған әскери міндеттілердің жиыны өтіп жатқан шатырлы қалашық «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының нысандарын аралап шықты. Министр әскери атыс алаңының, танктерге арналған полигондық жабдықтар кешенінің және жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының жай-күйін зерделеді.

22326 әскери бөлімінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды қабылдау пунктін, жауынгерлік машиналар паркін қарап, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін жасалған шарттармен танысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Луговой және Тараз гарнизондарының 03811 және 85395 әскери бөлімдерінің казармаларында болды. Жұмыс сапары барысында ол авиакомендатура мен авиациялық зақымдау құралдарының нысандарын қарады.

Тараз қаласындағы Ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың жауынгерлік даярлығы және оларды жауынгерлік қолдану оқу орталығында генерал-полковник Руслан Жақсылықов ұшқышсыз басқару құрылғыларын пайдалану жөніндегі мамандарды даярлауға жасалған жағдаймен танысты.

Сапар соңында қорғаныс ведомствосының басшысы әскери объектілердің инфрақұрылымын жетілдіру, жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру және мерзімді қызмет сарбаздары мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости