00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Найзағай, бұршақ, үсік: Синоптиктер күн райының бұзылатынын ескертті

06.05.2024 | 08:32
140
фото: дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің басым бөлігінде күн суытып, үсік жүретінін және бұршақ жауатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 18-23, кей уақытта екпіні 29 м/с.

Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 06 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына және 6 мамырда облыстың басым бөлігінде негізінен жаңбыр түріндегі көп мөлшерде жауын-шашын күтілуіне байланысты 2024 жылғы 05-08 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында беткейлік және жергілікті ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі күтіледі.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости