00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

29.09.2023 | 04:30
125
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде көлік жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар үшін өтініш беру тәртібі жеңілдеді, деп хабарлады Elorda.info «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Жаңа өзгеріске сәйкес, аталған құжатты алғысы келгендер «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп,  алдын ала кезекті брондай алатын болады. 

Бұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызмет алушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді.

Ол үшін қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. Бұл сервис қызмет алушы алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі. Төлем жасалғаннан кейін № 073/у формадағы медициналық анықтаманың, автомектепті аяқтағаны туралы куәліктің, қызмет алушының суретінің сканерленген нұсқаларын және талапқа сәйкес қойылған қолтаңбаны сұрататын болады. Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған.

Айта кететін жайт, азамат өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақыт ұсынылатын болады.

Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКОға баруға міндетті болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни, бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын-ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКОға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете алады. Болашақта өтініш беру фнкциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар, -  деді Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Айта кетейік, сервиспен eGov mobile қосымшасында да қолдануға болады. Ол үшін басты беттегі «БейнеХҚКО» батырмасын таңдау қажет.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости