00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Майдангер әжелерге министрдің құттықтау хаты табысталды

07.03.2024 | 16:00
128
фото: дереккөзден

Мереке қарсаңында Қорғаныс министрлігінің өкілдері 99 жастағы Раиса Сафоничева тұратын Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. 

Кедесу барысында  министрліктің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Раиса Егоровнаға Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.

Қазір елімізде Ұлы Отан соғысының 178 ардагері тұрады, оның 28-і әйелдер. Олар жергілікті атқарушы органдардың да, біздің ведомствоның да қамқорлығында. Біз бұл кісілердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмаймыз. Біз үшін бұл қалыптасқан жақсы дәстүр, – деді әділет полковнигі Т. Басқожаев.

«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов пен Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков Раиса Егоровнаға ардагерлер ұйымының төрағасы Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтауын жеткізіп, гүл мен жеміс себетін табыс етті.

Раиса Егоровнаны «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері де құттықтады. Кездесу балалар шығармашылық студиясы тәрбиеленушілерінің, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен Орталық әскери оркестрі солистерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Алматы қаласындағы Алмалы және Бостандық аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының әскери қызметшілері 1-ші Беларусь майданының 109-шы жеке байланыс полкінде қызмет еткен 100 жастағы Ольга Савенко мен 1943 жылдан бастап әскери госпитальда жұмыс істеген 99 жастағы Екатерина Баранованы құттықтап барды.

Қонаев қаласында Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Сейілжан Бекмұратов пен әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваны құттықтады. Өткен жылы Оксана Демидовна 103 жасқа толған болатын. Медициналық училищенің түлегі соғыс жылдарында Полтавадағы № 1668 әскери госпитальда қызмет еткен.

Теңіз базасының командирі 2-ші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлының басшылығымен әскери теңізшілер 96 жастағы Ольга Заривнякты Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ольга Платоновна – партизан қозғалысының мүшесі. Әскери-теңіз күштерінің оркестрі ардагер үйінің ауласында музыкалық композицияларды орындап, құрмет көрсетті.

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы майор Бекзат Оразов пен оның орынбасары подполковник Алмасбек Бұқарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері 4-ші Украина майданы 138-ші Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы Суворов атқыштар полкінің 650-ші полк құрамында мерген ретінде соғысқан Мария Курбатованы және 225 басқарманың 104 әскери-құрылыс жасағында қызмет еткен Мария Матюшинаны мерекемен құттықтады.

Бұл батыл әйелдердің бәрі соғыс жылдарында ерлермен бірге иық тірестіріп, майдан даласында әріптестерін құтқарып, жаралыларды емдеді, бейбіт азаматтарға көмектесті. Бүгінгі ұрпақ мұны ешқашан ұмытпайды. Неміс-фашист басқыншыларын жеңуге баға жетпес үлес қосқан олардың ерлігіне тағзым етеді.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости